ТҮРКІСТАН: Биыл «Халықтық кеңсеге» 24 мыңнан астам азамат жүгінген

0
408

Шаһар басшысы 101 тұрғынды жеке мәселесімен қабылдап, тиісті бөлімдерге 127 тапсырма жүктеген.


ТҮРКІСТАН: Биыл «Халықтық кеңсеге» 24 мыңнан астам азамат жүгінген

Түркістан қалалық «Халықтық кеңсе» мекемесіне жыл басынан бері 1711 өтініш тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қалалық «Халықтық кеңсе» мекемесі жүйелі жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мекемеде 1711 өтініш тіркелген. Оның 1479-і жеке тұлғадан, 232 өтініш заңды тұлғадан түскен.


Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4%- ға (2022 жыл 3 ай көрсеткіші –1919 өтініш) 208 өтінішке азайған.


Көрсеткіштерге сәйкес, өтініштердің 1501-і орындалып, 65 өтініш қатыстылығына қарай тиісті органдарға жолданды, 152 өтініш бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.


Өтініштердің 798-і тұрғын үй саласы, 389-і жер қатынастары саласы бойынша болса, инфрақұрылым саласы бойынша – 226, құрылыс – 99, әлеуметтік сала – 82, кәсіпкерлік сала –17, өзге мәселелер – 58, мәдениет, спорт, туризм, ішкі саясат, цифрландыру бойынша 42 өтініш қаралған.


Аталған мекемеге қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 101 өтініш тасталған.


Шаһар басшысы 101 тұрғынды жеке мәселесімен қабылдап, тиісті бөлімдерге 127 тапсырма жүктеген.


Оның бүгінде 124-і орындалып, 3 тапсырма аясында жұмыстар жүргізілуде.


Аталған мекеме Ғ.Мүсірепов көшесі, №17 ғимаратында орналасқан.