Түркістан: Бұрын 3 рет сотты болған түлкібастық тұрғынның қалтасынан тағы да марихуана шықты

0
800

Күдіктінің бұрын да есірткімен байланысы болғандығы анықталды.


Түркістан: Бұрын 3 рет сотты болған түлкібастық тұрғынның қалтасынан тағы да марихуана шықты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері бұрын 3 рет сотты болған жергілікті тұрғынның қалтасынан марихуана тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Есірткі затын өзімен бірге алып жүрген азамат туралы жергілікті тұрғыннан келіп түскен хабарласа бойынша Түлкібас АПБ-нің полицейлері бірден жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп, нәтижесінде сотты болған азаматты құрықтайды. Күдіктінің жеке басын тінту кезінде полиция қызметкерлері оның қалтасынан полиэтилен пакетіне салынған марихуанаға ұқсас есірткі затын табады.

Айғақты зат ретінде табылған заттар сараптамаға жолданып, оның қорытындысына сәйкес,тәркіленген заттың кептірілген марихуана екендігі анықталды. Жалпы салмағы 120 грамнан асқан.

Аталған жайт, ҚР ҚК-нің296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеуге алынды. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер ұсталған күдіктінің бұрын ҚР ҚК-нің 3 бабы, «Қарақшылық», «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу», «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу»бойынша сотты болғандығын анықтады.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.