Шымкентте «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында жұмыстар жалғасуда

0
55

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тұрғындардың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.


Шымкентте «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында жұмыстар жалғасуда

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті тазалық шарасы «Kenesary Han» мешітінің аумағында ұйымдастырылып, оған мешіт жамағаты белсенді түрде қатысты.

Іс шара барысында мешіт аумағы мен оның айналасы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мешітке келушілер тазалық жұмыстарын бірлесіп атқарып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.
Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміровтің айтуынша, мешіт аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Оған мешіт жамағаты да белсенді атсалысып келеді.
«Тазалық ұғымын тек көше мен ауланың тазалығымен шектеуге болмайды. Негізгі мақсатымыз – тілдің таза болуы, жүректің таза болуы, бір бірімізге мейірім шапағат таныту. Әркім өз ауласын, жүрген жолын таза ұстаса екен дейміз. Көлік жүргізушілерінен де темекінің тұқылын жолға тастамауды сұраймыз», деді Мұхаммеджан Естеміров.
Тазалық шарасына қала тұрғыны Нұрмахан Тұрмаханов та қатысты. Оның айтуынша, қала аумағын таза ұстауға тұрғындардың барлығы жауапкершілікпен қарауы қажет. Ол әсіресе қаланың шеткі аумақтары мен мешіт маңындағы жерлерді абаттандыруға көбірек көңіл бөлінсе деген тілегін білдірді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тұрғындардың ортақ іске деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бірлескен тазалық жұмыстары арқылы қала тұрғындары арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысын нығайтуға мүмкіндік бар.
Тазалықты сақтау тек арнайы акциялар кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де әр азаматтың әдетіне айналғанда ғана қала келбеті көркейе түседі.
Бөлісу