Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің жер көлемі - 300 гектар.
Cаурандағы көкөніс өңдеу цехы жылына 7 мың тоннадан астам өнім дайындайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Cауран ауданы Оранғай ауылдық округінде орналасқан «Жасыл аймақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің көкөніс өңдеу цехы қарқынды жұмыс істеп келеді. Жобаның құны - 72 млн теңге. Цехтың жылдық қуаты – 4 500 тонна жеміс-жидек шырыны. Сонымен қатар, жылына 1 500 тонна - көкөніс маринады, 1200 тонна - қызанақ, алма, асқабақ езбелері дайындалады. Цех жалпы 7 200 тонна көкөніс өнімін дайындайды.
Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің жер көлемі - 300 гектар. Оның ішінде алма бауы - 50 гектар, өрік - 40 гектар, жүзім - 30 гектар, алхоры - 40 гектар, суармалы жер - 140 гектарды құрайды. Айта кетсек, дайын өнімдер ішкі нарық пен көрші елдерге экспортталады.