Бүгін Түлкібас аудандық Ардагерлер саябағында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер - Құдайберген Ержан Төлепұлы ауыл ардагерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жиын барысында ауыл ақсақалдары, ардагерлер мен қоғамдық Кеңес мүшелері өз тараптарынан үміткерге аудандағы өзекті деген мәселелерді айтып, қолға алуын сұрады.
Депутаттыққа үміткер айтылған ұсыныстарды назарда ұстап, орындауға ықпал жасайтындығын айтты. Сондай-ақ, Түлкібас ауданының ардагерлері "Nur Otan" партиясын қолдайтындарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді