ТҮРКІСТАН: Депутаттыққа үміткерлердің дебаты далада басталды

0
730

200-дей дебаттар ұйымдастырылып, оған 1100-ден астам кандидаттар қатысады.


ТҮРКІСТАН: Депутаттыққа үміткерлердің дебаты далада басталды

Түркістандағы праймериз дебаты ашық аспан астында өтіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін праймериздің ең қызық кезеңі саналатын дебаттың алғашқы ашылуы қасиетті Түркістанда, Қ.А.Ясауи кесенесініңаумағында басталды. Бір дәуірлерде ашық аспан астындағы амфитеатрлар күш сайысы өтетін орындар болса, қазір көне шаһарда ой сайыстыратын орталыққа айналды.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бейсенбай Тәжібаев ресми парақшасында жариялап, «даладағы еркін форматтағы дебат үміткерлерлергеде, үміт күткендерге де ерекше шабыт сыйлады. Көсіле сөйлеген шешендерден түбінде шын болмыстағы көсемдер шығуы керек. Біздің күткеніміз осы» - деп пікір білдірді.

Атап өтсек, 30 қыркүйекке дейін облыста 200-дей дебаттар ұйымдастырылып, оған 1100-ден астам кандидаттар қатысуы керек. Ал бәсекенің ең үлкені 106 қатысуышысы бар Түркістан қаласында жүрері анық. Осы қаладан облыстық мәслихатқа 4 орын белгіленген десек, оған таласушылардың саны 29-ға жеткен.

«Түске дейін дебаттың ашылуына арнайы қатысып, үміткер партияластарға сәттілік тіледім. Негізгі талабын түсіндіріп, шеберлік пен шешенділікті ұстамдылықпен ұштастырған үміткердің ұшпаққа шығатынын жеткіздік. Сөз бен ойдың жарысында елдік ұстаныммен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғауға барынша мән беру керектігін ұсындық. Ендеше үміткерлердің үздігін алдағы екі аптада анықтайтын боламыз», - дейді Б.Тәжібаев.