ТҮРКІСТАН: «Дипломмен ауылға» жобасымен 500-ге жуық жас маман баспаналы болды

0
601

1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 345 000 теңгемен қолдау көрсетілген.


ТҮРКІСТАН: «Дипломмен ауылға» жобасымен 500-ге жуық жас маман баспаналы болды

Түркістан облысында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 500-ге жуық жас маман баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Дипломмен ауылға» жобасы қарқынды жүзеге асып келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды көздейтін жоба арқылы жастарға қолдау көрсетілді.


2023 жылы облыста осы жоба аясында тұрғын үй салу немесе сатып алуға 2,6 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлініп, 497 маман баспаналы болды. Маманға 1 500 айлық есептік көрсеткіш немесе 5 175 000 теңге көлемінде несие берілді. Сонымен қатар аудан, қала бюджеттері есебінен 1390 маман жалпы 479,5 млн. теңге бір реттік көтерме жәрдемақыға ие болды. 1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 345 000 теңгемен қолдау көрсетілген.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қағидаға өзгерістер енгізіліп, биылдан бастап аудан орталықтарына – 2500 айлық есептік көрсеткіш, немесе 9 230 000 теңге көлемінде және ауылдық елді мекендерге тұрғын үй алуға 2 000 айлық есептік көрсеткіш немесе 7384000 теңге көлемінде несие беріледі (0,01%-бен 15 жылға). 2024 жылға 514 маманға 4,1 млрд. теңге беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар аудан, қала бюджеттері есебінен 1610 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төлеуге 594,6 млн. теңге жоспарланған. 1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 369 200 теңге көтерме жәрдемақы беріледі деп көзделіп отыр.