​ТҮРКІСТАН: Ел чемпионатында жүлдегер атанған спортшыларға құрмет көрсетілді

0
890


​ТҮРКІСТАН: Ел чемпионатында жүлдегер атанған спортшыларға құрмет көрсетілді

Қарағанды қаласында найза лақтырудан, Ақтөбе қаласында самбо күресінен және Қызылорда қаласында дзю до күресінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі үшінші орынды иемденіп, қола медаль еншілеген спортшылар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шардара ауданы тарихына енген спортшылардың жетістіктері мол. Найза лақтырудан облыстың абыройын қорғаған Ергешова Мадина қола жүлдегері атанса, самбо күресінен және дзю до күресінің қас шеберлері жиналған палуандар сайысында, жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен самбо күресінен 66 келіде Нұрманов Қабылбек және дзю до күресінен 66 келіде Құлмырза Бесұлтан сынды қос бірдей палуанжүлделі үшінші орынды иемденді.

Қола медаль еншілеген спортшыларды Түркістан обыстық №4 ОРМБЖСМ директоры Қарсыбаев Арман Романұлы жеңістерімен құттықтап, болашақта әлем шыңын бағындырып, қазақ елінің көк туын көкте желбірете берулерін тілеп алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, жүлдегер спортшылардың бапкерлері Құрбанов Бекбай, Шайманов Нұрбол және Хасан Санжар сынды білікті бапкер, тәжірибелі ұстаздарына да құрмет көрсетіліп, алдағы уақытта да еңбектеріне табыс тіледі.