ТҮРКІСТАН: "Электрикпін" деген азамат түлкібастық тұрғынды тонап кеткен

0
984

Күдікті Сайрам ауданының азаматы болып шықты.


ТҮРКІСТАН:

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түлкібас ауданының тұрғынын "электрикпін" деп алдап, үйдегі алтындар мен ақшаларын тонап кеткен күлікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабымен тіркеліп, қылмыстық ісі қозғалды.

Оқиға күндізгі 11:30 сағат шамасында орын алған. Жасы 30-35 жас аралығындағы белгісіз азамат өзін электрикпін деп таныстырып, үйге кіреді. Үй ішінде жалғыз жәбірленуші ғана екеніне көзі жеткен соң, үй иесіне жұдырықпен соққы беріп, қорқыту арқылы бағалы заттар және ақша талап етіп, артынша жатын бөлмеге бірге кіріп 32 000 теңге ақша мен бірнеше алтын бұйымдарын ашық түрде тонап кеткен.

Түлкібас АПБ-нің КПБ, ТБ-мен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғыны анықталды. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, бас шарасы Түлкібас АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бас шарасы аудандық соттың шешімімен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасына санкция берілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ТҮркістан облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.