ТҮРКІСТАН: Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгені құрады

0
918

Ер азаматтарға 25 жыл, әйелдерге 20 жыл еңбек өтілі болған жағдайда ең төменгі зейнетақы мөлшері тағайындалады.


ТҮРКІСТАН: Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгені құрады

Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы 46 302 теңгені құраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында өткен жылы толық оңалтудан өткен мүгедектердің саны 1 190 адамды құраған. Жаңа заңға сәйкес, 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектік тобын тағайындау нормасы енгізіліп, алатын жәрдемақы мөлшері де өскен. Одан бөлек, бұрын мүгедектігі бар балалар ата-анасынан айырылған жағдайда өз жәрдемақысын немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақының біреуін ғана алып отыратын. Ал, енгізілген өзгерістерге сәйкес, екі жәрдемақы да төленіп жатыр.


Сондай-ақ, өңірде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы 46 302 теңгені құраған. Азаматтардың зейнетақы мөлшерін есептеуде айлық табысы болмаған жағдайда ер азаматтарға 25 жыл, әйелдерге 20 жыл еңбек өтілі болған жағдайда ең төменгі зейнетақы мөлшері тағайындалады.