ТҮРКІСТАН: Энергетика саласының қызметкерлері марапатталды

0
724

Желтоқсан айының үшінші жексенбісі - Энергетиктер күні.


ТҮРКІСТАН: Энергетика саласының қызметкерлері марапатталды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай энергетика саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде желтоқсан айының үшінші жексенбісінде Энергетиктер күні аталып өтіледі. Осы мерекеге орай Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай энергетика саласында еңбек етіп, үздік атанып жүрген бір топ азаматты арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.


Түркістан облысы мен Түркістан қаласының инфрақұрылымы жақсарып, даму жолына түскенін, бұл ретте экономиканың дамуына энергетика саласының да үлесі айрықша екенін айтқан Арман Жетпісбай сала өкілдерінің еңбегін жоғары бағалады.


Марапаттау рәсімінде «KEGOK» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС және өзге де мекемелердің үздік қызметкерлері мен кәсіби мамандары ҚР Энергетика министрлігінің медальдарымен, төсбелгілерімен, «Құрмет грамотасымен», алғыс хатымен және облыстық мәслихаттың грамотасымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.


Cонымен қатар, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ТӨФ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Жылу» МКК, «Кентау сервис» МКК мекемелерінің басшылары мен өкілдеріне облыс әкімінің грамотасы мен алғыс хаттары тапсырылды.