ТҮРКІСТАН: Ертай Алтаев жергілікті тұрғындарды жеке қабылдады

0
97

«Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындар үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.


ТҮРКІСТАН: Ертай Алтаев жергілікті тұрғындарды жеке қабылдады

Түркістандық тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жергілікті тұрғындарды жеке қабылдады. Арыз-талаптары мен ұсыныстарын тыңдап, жауапты тұлғалармен бірге оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.


Қабылдау барысында Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан, Кентау қаласының азаматтары бірқатар мәселе көтерді. Нақтырақ айтқанда, тұрғындар спорт кешенін жөндеу, мәдениет үйін қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру секілді түйіткілдерді ортаға салды. Сондай-ақ мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұсыныстар айтылды.


Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың пікірі маңызды екенін айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ешбір өтініш ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, орындалу барысын өз бақылауына алды.


Айта кетейік, «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындар үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бөлісу