ТҮРКІСТАН: Этносаралық қақтығыстардың алдын-алу мәселелері талқыланды

0
743

Құзырлы орган басшылары атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.


ТҮРКІСТАН: Этносаралық қақтығыстардың алдын-алу мәселелері талқыланды

Түркістан облысы аумағындағы этносаралық қақтығыстардың алдын-алу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан қаласында облыс прокурорының орынбасары Саян Келдібековтың төрағалығымен Түркістан облысының Үйлестіру кеңесінің отырысында бекітілген облыс аумағында түрлі саладағы құқықтық қатынастарда этносаралық қақтығыс жағдайларын туғызуы мүмкін мәселелердің алдын алуға бағытталған бірлескен жоспарды талқылауға арналған жиын болып өтті.


Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің басқарма бастығы Ж.Орынбаев, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ә.Сейдуалиев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Сариев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев, Сайрам, Сарыағаш, Сауран аудандарының әкімдері, құзырлы органның жауапты мамандары қатысты.


Жиынның күн тәртібіне этноносаралық мәселесі бойынша 2021 жылдың 9 шілдесінде бекітілген бірлескен жоспардағы іс-шаралардың орындалуы барысы мен этносаралық келісім тұрақтылықты қамтамасыз етуді талқылау мәселесі қойылып, құзырлы орган басшылары атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.


Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев облыстағы этносаралық мәселелердің жай-күйін баяндап, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды айтты.


Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев білім беру ұйымдарындағы этносаралық қақтығыстардың алдын-алуға бағытталған шаралармен таныстырды. Сонымен қатар, жиында түрлі этнос өкілдері көп шоғырланған аудандардың әкімдері есеп берді.