Жастардың отаншылдық сезімін жоғарылату бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.
Генерал-майор Мұқан Дүйсекеев жұмыс сапарымен Түркістанға келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласына ҚР ҚК Бас Штабы, Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары, генерал-майор Мұқан Дүйсекеев жұмыс сапарымен келді. Ол Түркістандағы «Жастар орталығында» әскери сала ардагерлерімен кездесу өткізді.
Түркістан облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде бірқатар маңызды ойлар қозғалды. Генерал-майор Түркістан облысындағы әскери-патриоттық бағыттағы қоғамдық бірлестіктерінің және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс-қимылдары ардагерлерімен елдегі әлеуметтік-саяси жағдай туралы пікір алмасты. Жаңа Қазақстанды құру бағытындағы Президент тапсырмалары да әңгіме арқауына айналды. Сонымен бірге ардагерлер ел бірлігін нығайту, жастардың отаншылдық сезімін жоғарылату бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.
Келелі кеңес құрылған жиынға қатысушылар «Жас Сарбаз» республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облыстық филиалының штабын аралап, жұмысымен танысты.