Кәсіпкер үй жағдайында қолжетімді бағада, нысан құрылысына, дизайн интерьер бағытында қолданатын 3D панельдерін жасайды.
Кентаулық тұрғын қайтарымсыз грант ұтып алып, кәсібін жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласының тұрғыны, кәсіпкер Бейбіт Баймаханов мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн. 380 мың теңге алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қаржысына қажетті құрылғылар сатып алған.
Кәсіпкер үй жағдайында қолжетімді бағада, нысан құрылысына, дизайн интерьер бағытында қолданатын 3D панельдерін жасайды. Негізгі мамандығы – дәнекерлеуші. Жұбайы екеуі 2 қыз, 3 бала тәрбиелеп отырған үлгілі көпбалалы отбасы.
Көпбалалы әке кәсіптің бұл түрімен 3 жылдан бері айналысып келеді. Мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен бүгін де кәсібі ұлғайып, тапсырыстар көбейген. Қазіргі таңда, айына 200 000-250 000 теңге табыс тауып отыр.