ТҮРКІСТАН: Инфекциялық төсек-орын санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар

0
2 348

Зертханаларда жалпы 369 155 адам тексеруден өткізілген.


ТҮРКІСТАН: Инфекциялық төсек-орын санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар

Түркістан облысында медициналық ұйымдарды дәрілік заттар және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 3,1 млрд. теңге бөлінді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы бойынша 28-желтоқсанда коронавирустық инфекциясымен тіркелген жағдайлар саны – 3. Сонымен қатар, вирустық пневмониямен тіркелген – 8 науқас. Облыс бойынша 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңға инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі-14,2%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі - 16%. Коронавирустық инфекциясының әр түрлі сценарийіне байланысты инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық бас дәрігері Марат Пашимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірдегі мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін өскен. Зертханаларда жалпы 369 155 адам тексеруден өткізілген.

«Медициналық ұйымдарды дәрілік заттар және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 3,1 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаржыларға 361,8 млн. теңгеге дәрілік заттар, 1,6 млрд. теңгеге медициналық бұйымдар, 185 млн. теңгеге дезинфекциялық ертінділер сатып алынды. Сондай-ақ, өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 178-ден 348-ге дейін артты. Қосымша 4 оттегі станциясы орнатылып, станция саны 8-ге жетті.Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетті. Облыстық бюджет есебінен 1 компьютерлік томограф пен 3 дана сандық рентген аппараттары орнатылды.Медициналық ұйымдарда пульсоксиметрдің қамтамасыз етілуі 190-нан 4 069-ға дейін жетті», - деді Марат Орынбасарұлы.

Облыста COVID-19 індетін жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны -214, пневмонияны 200 адам жұқтырып, 16 адам қайтыс болған. Бүгінгі күнге, барлық қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасылары 10 млн. тенгеден жалпы 160 млн. теңге көлемінде әлеуметтік төлем жасалған. Сонымен қатар, вирусты жұқтырған 182 маманға барлығы 2 млн. теңге көлемінде төлемдер берілді. Коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлығы 39 387 медициналық қызметкерлерге тамыз айына дейін жұмыс уақытын есепке алу негізінде 7,8 млрд.теңге қаржылай үстемеақы төленді.