705 елді мекен дамыту мен құрылыс салу жобаларымен қамтылған.
Түркістан облысындағы барлық ірі елдімекендерге бас жоспар жасалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 10 айындағы жағдай бойынша Түркістан облысы бойынша тұрғындар саны 5 000 асатын елді мекендерді бас жоспармен қамту 100%-ға жетті. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Сәлкен Жаппарқұлов мәлімдеді.
Сондай-ақ, халық саны 5 000 адамға дейінгі 705 елді мекен дамыту мен құрылыс салу жобаларымен қамтылған.
«2021 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша басқарма тарапынан облыс бойынша мешіт құрылысын салуға 4 рұқсат берілді. Сонымен қатар, қала құрылысы дамуын, сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында, туризмді дамыту, инвесторларды тарту үшін басқарма тарапынан 50-ден астам эскиздік жобалар әзірленді. Оның ішінде, ең маңызды жобалар: Б.Саттарханов даңғылы бойындағы канал, Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарлар, әкімшілік-іскерлік орталығындағы Түркітілдес халықтар орталығы, 20-қабатты тұрғын кешендері», - деді Сәлкен Жаппарқұлов.