ТҮРКІСТАН: Қала тазалығы үшін 500-ге жуық адам мен 90-ға жуық техника жұмылдырылған

0
714

"Түркістан жарық-тазалық", "Жасыл Түркістан" және "Жасыл арман" мекемелері үздіксіз қызмет атқарады.


ТҮРКІСТАН: Қала тазалығы үшін 500-ге жуық адам мен 90-ға жуық техника жұмылдырылған

Түркістан қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін бірнеше мекеме қызмет атқарып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында күнделікті "Түркістан жарық-тазалық", "Жасыл Түркістан" және "Жасыл арман" мекемелері үздіксіз қызмет атқарады.

Соның ішінде, «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС мекемесінде жалпы 276 адам қызмет істейді. Ал қала тазалығына барлығы 32 арнайы техника жұмылдырылған. Қала аумағын және қоршаған ортаны санитарлық тазалау – мекеменің басты қызметі болып табылады.

2021 жылдың бірінші тоқсанында, яғни қаңтар-наурыз айларында 28 000 м3 қоқыс арнайы полигонға тасып шығарылды. Күнделікті кестеге сәйкес 660 453 м2 жаяу жүргіншілер мен көше күнделікті тазаланады. Сондай-ақ, 45425 м2 велодорожка жуылып, сыпырылған. Одан өзге, 11032 м (лоток) тас арықтары тазаланып, 1352 мың м2 жол беті арнайы автокөлікпен жуылып сыпырылған. Қаланың әрбір көшесіндегі қоқыстарды жинау үшін мекемелер тарапынан кесте түзілген. Кестеге сәйкес аптасына бір рет мекеме тарапынан 56 көшеде қоқыс алу жұмыстары жүргізіліп отырады.

Жалпы, қала көлемінде тазалық жұмыстары жүргізілетін 787 көше бар. Оның ішінде механикалық жолмен тазалау 136 көшеде жүзеге асса, 651 көше қолмен тазаланады. Санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге 88 техника 500-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.