ТҮРКІСТАН: Қалалық орталық ауруханада 150 маман қызмет көрсетіп жатыр

0
446

Аурухананың құрылымында 12 клиникалық бөлімше бар.


ТҮРКІСТАН: Қалалық орталық ауруханада 150 маман қызмет көрсетіп жатыр

Түркістан қалалық орталық ауруханасы заманауи қондырғылармен жабдықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


БАҚ өкілдері пресс-тур аясында Түркістан қалалық орталық ауруханасының тыныс-тіршілігімен танысты. Бас дәрігер Жанболат Ділдәбековтің айтуынша, жалпы аурухана бойынша барлық төсек орын саны – 340. Аурухана компьютерлік томограф, рентген, жеке медициналық газ станциясымен жабдықталған. Ондағы палаталар 2-3 науқасқа арналған және орталықтандырылған оттегімен, таза ауыз сумен қамтылған. Науқастарға 150 білікті маман қызмет көрсетеді.


Жалпы, аурухананың құрылымында 12 клиникалық бөлімше, параклиникалық бөлімшелер, клиникалық, бактериологиялық, серологиялық зертханалар, эндоскопия, УДЗ, рентген, КТ кабинеттері, дәріхана бар. Қосымша урология, оториноларингология, пульмонология, гинекология, жақ-бет хирургия бөлімшелері қызмет көрсетіп келеді.