Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесі өтті

0
72

Нарықтағы бағадан 30-50 пайызға дейін төмен бағамен сатылды.


Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласындағы Яссы секторында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Онда Шардара, Жетісай, Мақтаарал және Сауран аудандарынан келген ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылды.


Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, қаймақ, жұмыртқа, көкөністер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары сатылымға шықты. Сауда сөрелеріне қойылған тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30-50 пайызға дейін төмен бағамен сатылды.


Аталған жәрмеңке тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әлеуметтік жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл шара жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.

Бөлісу