Түркістан қаласының әкімі түнгі сағат 3:30-да тікелей эфирде мәлімдеме жасады

0
807

Абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында жерасты кабеліне зақым келіп, жарық бір жарым тәулік болмаған.


Түркістан қаласының әкімі түнгі сағат 3:30-да тікелей эфирде мәлімдеме жасады

Түркістан қаласының әкімі жарықтың сөнуі бойынша тікелей эфирде мәлімдеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов инстаграм желісіндегі жеке парақшасы арқылы түнгі 3:30 шамасында тікелей эфирге кіріп, жарықтың сөнуі бойынша мәлімдеме жасады.Шаhар басшысы баяндағандай, Отырар ықшам ауданы, Ш.Қалдаяқов көшесінде "КДСМ" ЖШС компаниясының абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында жерасты кабеліне зақым келіп, жарық бір жарым тәулік болмаған.

Арнайы комиссия мен лабороториялық тексеріс болып, кешкі 20:00-де және түнгі 00-ден аса жарық қосылды. Дегенмен, жарық сөнген кезде трансформатордан қосымша заттар ұрланғаны белгілі болып, ол бойынша қала әкімі трансформатор аумағынан күдікті адам көрген жағдайда хабарлауын өтінді. Қазіргі таңда жарық толығымен қосылды. Аталған жұмыстар мердігер мекеме тарапынан жүргізілді.