ТҮРКІСТАН: Кандидаттар ең жас көпбалалы анаға көмектесуге уәде берді

0
2 313

50 тұрғын үйге 420 000 млн теңге қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінген.


ТҮРКІСТАН: Кандидаттар ең жас көпбалалы анаға көмектесуге уәде берді

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына «Nur Otan» партиясының атынан үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Иіржар ауылдық округінің Алаш ауылына барды. Мұнда үміткерлер аудандағы ең жас көпбалалы ана – 29 жасында 7 перзентті өмірге алып келген Дильноза Полатованың үйінде болды. Батыр ананың тұрмыс жағдайымен танысып, өтініштеріне құлақ түрді. Еркін форматта өткен тілдесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі басымдықтарға тоқталды. Көпбалалы ана күні бүгінге дейін баспанасыз екендігін, 15-ке тарта отбасы мүшелері 3 бөлмелі шағын үйде тұратындықтарын айтып, мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғынүй алғысы келетінін жеткізді. Ауданда баспана алу жолдары мен қажетті құжаттары жайында заңдық кеңестер сұрады.

Бір ғана Мақтаарал ауданында партияның бастамасымен орын алған апатты жағдайға қарамастан «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы аналарға тұрғын үй сатып алу бойынша 50 тұрғын үйге 420 000 млн теңге қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінген. Мұнан бөлек 2021–2025 жылдар аралығында Мырзакент кентінен 30 гектар жерге жеке инвестициялар тарту есебінен 3 қабатты 1200 пәтерлі тұрғын салу арқылы кезекте тұрған 153 отбасын баспанамен қамту партия филиалының жоспарында бар екенін жеткізген аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер 10 қаңтар күні болатын сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды. Сондай-ақ, баспана алу үшін кезекке қою мен құжаттарды рәсімдеу ісінде көмек беруге уәде етті.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді