ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлерді қолдап, құқығын қорғау шаралары күшейтіледі

0
458

Кездесуде кәсіпкерлермен бірлесе отыры,п кәсіпкерлік саласында тың тәсілдерді қолдану жайы қозғалды.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлерді қолдап, құқығын қорғау шаралары күшейтіледі

Түркістан облысында кәсіпкерлерді қолдау және құқығын қорғау шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасарыНұралхан Көшеров өңірдің бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Онда өзекті мәселелерге талқылаулар жүргізіліп, шешу жолдары бойынша міндеттер белгіленді. Кездесуде кәсіпкерлермен бірлесе отыры,п кәсіпкерлік саласында тың тәсілдерді қолдану жайы қозғалды.


«Мақта Капитал» ЖШС директоры Ғалым Пернешов мақта өсіруге зауыттарға берілетін субсидия туралы айтып, шаруалар игілігін көре алмай жатқанын алға тартты. Сондай-ақ шаруалардың жер учаскелерін кепілге қойылмау себептерін де анықтауға ықпал етуді сұрады.


«Менің үш ай жұмыс істеп, жинайтын мақтам 8 мың тоннаны ғана құрайды. Бұрын 15-20 мың тонна егетінмін. Жылдан-жылға төмендеп барады. Біздің аудан тек мақта егуге ғана қолайлы болған соң басқа дақыл еге алмаймыз. Мақтаны егуді дамыту үшін шаруаларға қаражат керек. Бірақ несие алу тек зауыт арқылы өтіп жатыр. Біз сияқты шаруаларға не субсидия, не несие алу бұйырмай тұр», – деді шаруа.


Облыс әкімінің орынбасары түйткілдерді тыңдап, шешу жолдары қарастырылатынын айтты.


«Біз жеке сектормен қолдау және ынтымақтастықтың барлық нұсқаларын қарастыруға дайынбыз. Мәселені осылай жасырмай, ашық айтқандарыңызды қалаймын. Кәсіпкерлерге әрдайым құлақ түріп, мұң-мұқтажын ескеріп отыруымыз қажет. Сонда ғана өңірдің бизнес саласы дамиды», – деді Нұралхан Оралбайұлы.


Күн тәртібінде шағын және орта бизнес субъектілерін алаңдатқан өзекті сұрақ тыңдалды. Оның ішінде кәсіпкерлерге қысым көрсету, заңсыз араласу, кедергілер келтіру, негізсіз әуре-сарсаңға салу әрекеттерін болдырмау сынды проблемалар қаралды.


Мақта және балық шаруашылығы, қоқыстарды өңдеу, тігін бұйымдарын дайындау, сүт өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, жиһаз дайындау, өндіріс орындарын ашу, жаңа жобаларды іске қосу бағытында жоспарлар сараланды. Сонымен қатар, «Ордабасы құс» ЖШС, «Алекс» ЖШС, «АХБК» ЖШС, «Батсу Водоканал» ЖШС, Рахманқұлов ЖК, «Бөрте Милка» ЖШС, «ХАМИТ» ӨК басшыларының ұсыныс-пікірлері ортаға салынды.


Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қазіргі таңда ҚР «Атамекен» ҰКП-мен әкімшілік кедергілерді төмендету, кәсіпкерлерге өз құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға қажетті қолдау көрсетудің жеткілікті механизмдерін құру жұмыстары күшейтілетінін атап өтті. Жобалық тәсіл бойынша жұмыстар жалғасады.