Қытай мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығы жөніндегі Форум - Қазақстан Республикасында екінші рет ұйымдастырылуда. Форумға 400-ге жуық шенеуніктер мен екі елдің бизнес өкілдері қатысуда. Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығы бойынша бірінші Форум 2017 жылдың қыркүйегінде Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси – Чжуан автономиялық ауданының Наньнин-әкімшілік орталығында өткен болатын.
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығының ІІ форумында таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында «Өнеркәсіптік кооперация тақырыбында» Өңіраралық ынтымақтастығының ІІ-ші форумы өтті. Форумға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев М. И. және Түркістан облысының алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың жетекшілері қатысты.
Форумға Қытай тарапынан түрлі саладағы 160-қа жуық компания, оның ішінде қазақстандық өнімдердің әлеуетті сатып алушылары қатысты. Қытайдан келген делегацияны ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Хань Чжен мырза басқарды. Қытай тарапынан делегация үшін отандық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету болып табылады.
Түркістан облысының кәсіпкерлері өндірісті кеңейтуге және Қытай мен басқа елдердің нарығына шығуға мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өңіраралық ынтымақтастық ІІ форумының «Ауыл шаруашылығы» панельдік сессиясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев мәлімдеді.
Сөз сөйлеу барысында Түркістан облысының шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу бойынша мол тәжірибесіне ерекше назар аударылып, форум қонақтары елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын ірі нарық ретінде облыстың әлеуетімен танысты. Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысының бірқатар қытайлық бизнесмендермен бірге жүзеге асырылып жатқан қолжетімді жобаларын таныстырып, облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық ахуалы мен ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.
«Облыс республикада көкөніс, бақша өнімдері мен түйнек жемістілер егіс алқабы бойынша 1-ші орынды алады. Мысалы, 2018 жылы 114 мың га, сондай-ақ 2018 жылы 113 мың га егіс алқабын жинау бойынша. Салыстыру үшін, егер ҚР – дағы жылыжайдың жалпы ауданы – 1150 га болса, біздің өңірдегі жылыжайдың ауданы - 800 га., сондай-ақ өңір ұсақ мал саны бойынша Қазақстандағы көшбасшы болып табылады - 4,1 млн. бас. Сондай-ақ, ірі қара мал саны бойынша республикада 1-ші орында, 1 млн.–нан астам бас», - деп атап өтті Мейіржан Мырзалиев.
Әкім орынбасары атап өткендей, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инвесторларға толық жайлылықты тез арада қамтамасыз ету мақсатында 24/7 режимінде инвесторларға қызмет көрсететін және ілесіп жүретін «TURKISTAN INVEST» арнайы инвестициялық компаниясы құрылды.
Қытаймен ынтымақтастық пен ашықтықтың жарқын мысалы «TURKISTAN INVEST» қазірдің өзінде АӨК, энергетика, мұнай-химия және ЖЭК салаларында жалпы сомасы 1,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын 20-дан астам жобаны сүйемелдеуде. Бұл Түркістан облысының инвесторларымен салыстырғанда инвестиция бойынша ең үлкен көрсеткіш. Оның ішінде 2 жоба табысты іске қосылып, Қытай мен Қазақстан арасындағы бірлескен 55 жоба тізіміне енді. Бұл – «Golden Camel Group LTD» ЖШС түйе және бие сүтін өңдеу зауыты (20 млн. АҚШ доллары) және «Green Technology Industries» ЖШС ПЭТ қалдықтарды қайта өңдеу және штапельді талшық шығару (16 млн. АҚШ доллары).
Шетелдік инвесторлар Түркістан облысының инвестициялық жобаларына қызығушылық танытты. Бүгін "Chaudhary Group (CG Global)" өкілдері Түркістан облысы Қазығұрт ауданының индустриялық аймағына барып, 2019 жылдың 1 шілдесіне пайдалануға берілетін тез тамақтану өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысымен танысты.
«Chaudhary Group (CG Global)» компаниясының жоспарланған инвестицияларының сомасы 15 млн. АҚШ долларын құрайды. Өндірілетін өнімдер экспортқа бағдарланатын болады және тез дайындалатын өнімдерді Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей сияқты көршілес елдерге экспорттау жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Өнеркәсіптік кооперация» Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығының ІІ Форумын өткізу аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған облыстың бизнес және инвестициялық құрылымдары өкілдері мен әлеуетті инвесторлар «Golden Camel Group LTD» ЖШС, «Azala Group» ЖШС, «Қайып ата» ЖШС, «Аманкелді» ЖШС және Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығы мен ҚХР Индустрия және мемлекеттік аппаратының өкілдері арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу аясында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес жобалары мен ірі өндірістерін инвестициялау мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
Бұдан бөлек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әлихан Смайыловтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші Вице-премьері Хань Чжэннің екіжақты кездесуіне қатысты.