ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында газдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

0
1 327

Қазіргі көрсеткіш 79%-ды құрап отыр.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында газдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында 62 елді мекеннің 49-ы табиғи газ жүйесімен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында 62 елді мекеннің 49-ы табиғи газ жүйесімен қамтылып, көрсеткіш 79% құрады. Табиғи газ жүйесі жүргізілген 49 елді мекеннің 48-індегі тұрғындар табиғи газды пайдаланып отыр. Ал 1 елді мекенге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Ол – Сарапхана ауылдық округі Талдыбұлақ елді мекені.


Сарапхана ауылдық округінде табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Атап айтқанда, 2020 жылы ауылдық округтің Майлыошақ елді мекені толық табиғи газбен қамтамасыз етілген. Былтыр ауылдық округке қарасты Талдыбұлақ елді мекеніне табиғи газ тарту бойынша құрылыс жұмыстары атқарылып, қазіргі таңда Талдыбұлақ елді мекеніндегі 64 отбасының үйлерін табиғи газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы 2023-2024 жылдары Сарапхана ауылдық округіне қарасты Бақабұлақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Айта кетейік, 2023 жылы 3 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылып, аудан бойынша 52 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жалпы, аудан бойынша 20 мыңнан аса тұрғын үй бар. Бүгінгі күнде оның 15 мыңнан астамы табиғи газға қосылған.