Өзбекстанға ет экспортталады деп күтілуде.
Қазығұрт ауданында ірі ет комбинаты салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазығұрт ауданында мал тұқымын асылдандыру жұмыстары ілгерілеуде. Сондай-ақ, аймақта ет өндіру ісі де ілгерілеген. Мәселен, өткен жылы 29,6 мың тонна ет өндірілген.
Өнімді арттыра түсу мақсатында аудандағы Қызылқия ауыл округінде жеке кәсіпкер Бақыт Мәмбетәлиев 1 200 басқа арналған мал бордақылау кешенін іске қосқан. Сонымен қатар, Шымкент-Ташкент күре жолының бойынан «Түркістан ет комбинаты» ЖШС ашылуы жоспарлануда. Ірі ет комбинаты елімізді ғана емес, көршілес Өзбекстанға ет экспорттайды деп күтілуде.