ТҮРКІСТАН: Қазығұртта 45 метр биіктікке ту орнатылды

0
522

Жобаның жалпы құны 35 млн. теңгені құрайды.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта 45 метр биіктікке ту орнатылды

Шымкент-Ташкент күре жолының бойында орналасқан «Мәңгілік ел» саябағында тутұғыр ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданында Шымкент-Ташкент күре жолының бойында орналасқан «Мәңгілік ел» саябағында Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай игі іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 45 метр биіктікте орнатылып, тутұғыр ашылды.


Жиында сөз алғандар тудың көкке көтерілгені жастарға, болашақ ұрпаққа үлкен рух сыйлайтынын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.


Жалпы құны 35 млн. теңге болатын жоба аясында 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту қойылған. Қастерлі рәміздің жан-жағы абаттандырылып, орындықтар мен қауіпсіздік шаралары да қолға алыныпты. Тутұғлың биіктігі негізгі діңгектің түбінен алғанда 45 метрді құрайды. Төбе басына орнатылған алып ту мен тутұғырдың берік құрылымы елдің күш қуаты мен даңқын, оның ұлы тарихы мен болашағын бейнелейді.