ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Мөлдір бұлақ» акциясына 500-ге жуық тұрғын қатысты

0
114

Ауқымды экологиялық шаралар қолға алынуда.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Мөлдір бұлақ» акциясына 500-ге жуық тұрғын қатысты

Қазығұртта өткен «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына 500-ге жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында елімізде кең ауқымды экологиялық шаралар қолға алынуда. Соның бірі – табиғатты қорғауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» акциясы.


Аталған игі бастама Қазығұрт ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары белсенділік танытты. Қазығұрт тауының баурайындағы Атбұлақ елді мекенінде өткен экологиялық шара барысында киелі Ақбура әулие бұлағының айналасы толық тазартылып, абаттандырылды.


Іс-шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және белсенді жастармен бірге табиғатты қорғау жұмыстарына атсалысты.


Сонымен қатар акция аясында аудан аумағындағы 10 бұлақтың айналасында тазалық жұмыстары жүргізіліп, тал егу, әктеу және абаттандыру шаралары ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша өткен экологиялық акцияға 500-ге жуық адам қатысты.


«Мөлдір бұлақ» акциясы – тек қоршаған ортаны қорғау шарасы ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыратын маңызды бастама.

Бөлісу