ТҮРКІСТАН: Қазығұртта оңалту орталығы ашылды

0
161

Айына 50-60 адамға дейін қабылдауға қауқарлы.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта оңалту орталығы ашылды

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


25 қазан – Республика күні қарсаңында Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында 20 төсек-орындық ересектер мен балаларға арналған неврология, травматология, кардиология салалары бойынша қызмет көрсететін оңалту орталығы ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров және дәрігерлер қатысты. Жақсылыққа ниет етіліп, арнайы ағаш отырғызу рәсімі болды.


Қазіргі таңда аудан бойынша оңалтуды қажет ететін, жалпы мүмкіндігі шектеулі, ми қан айналымының жүйесі, тірек-қимыл аппараты, жүрек қан тамыр жүйесінің сырқаттары бойынша 1972 науқас тіркелген. Аудандағы және көршілес аудандардағы осындай науқастарды оңалтуға арналған орталық 72 млн. 537 мың теңгеге жуық қаржыны құрайтын заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және айына 50-60 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Оңалту орталығының басты мақсаты – науқастар мен мүгедектердің сырқатын баяулату, денсаулығын қайта қалпына келтіру.