ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Отбасын қолдау орталығы» ашылды

0
34

Орталықта 14 штаттық бірлік бекітілген.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Отбасын қолдау орталығы» ашылды

Түркістан облысында 17 «Отбасын қолдау орталығы» жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы барлық аудан-қалаларда 17 «Отбасын қолдау орталығы» жұмыс істейді. Бүгін Қазығұрт ауданында мемлекеттік отбасылық саясатты жүйелі жүргізуге бағытталған әлеуметтік нысандар қатары тағы бір жаңа ғимаратпен толықты. Еліміздің барлық өңірлерінде отбасын қолдау орталықтарын құру жөнінде Президент Жарлығымен бекітілген «ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес, Қазығұрт ауылында аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» ашылды.


Аталған коммуналдық мемлекеттік мекеме биылғы жылдың қаңтар айында тіркеуден өтіп, орталықта 14 штаттық бірлік бекітілген. Екі қабатты ғимаратта орналасқан мекемеде қазіргі таңда 2 бөлмеден тұратын 14 жатын орын (оның ішінде балаларға арналған 8 жатын орын), 6 жұмыс бөлмесі, 2 азаматтарды қабылдау орны бар.


Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу рәсімінде аудан әкімі Азизхан Исмаилов мекеме жұмысының маңыздылығына тоқталып, орталық қызметкерлері тұрғындардың түрлі әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесіп, отбасы институтын дамытуға қолдау көрсететініне сенім білдірді.


Бұл орталық – отбасы институтын қолдау мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер беріп, 9 бағыт бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді.

Бөлісу