ТҮРКІСТАН: Қазығұртта тәулігіне 4 500 литр табиғи шырын өндіріледі

0
587

Кәсіпорын 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта тәулігіне 4 500 литр табиғи шырын өндіріледі

Қазығұрт ауданында тәулігіне 4 500 литр табиғи шырын өндіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Қазығұрт индустриалды аймағында тәулігіне 3000-4500 литр алкогольсіз, табиғи шырынды сусын өндіреледі.


2018 жылы ашылған «Көрік ШҚ» кәсіпорны қазіргі таңда 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде алма, жүзім, алма және алмұрт, алма және сәбіз, сондай-ақ қызанақ дәмі бар шырындар дайындалады. «Delis» атауымен шығатын шырындар еліміздің бірнеше қаласына, атап айтқанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен қалаларына жөнелтіліп жатыр.