ТҮРКІСТАН: Қазығұртта заңсыз карьер пайдаланушылар ұсталды

0
112

3 азамат ұсталып, 2 ауыр жүк көлігі мен 1 жүк тиегіш ауыр техникасын Қазығұрт ауданының айып тұрағына қойылды.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта заңсыз карьер пайдаланушылар ұсталды

Қазығұрт ауданында заңсыз карьер пайдаланушылар ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, 26 қыркүйекте облыс әкімдігі мамандары мен Полиция департаментінің қызметкерлері және өзге де жауапты мекемелер тарапынан облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және тоқтату бойынша құрылған арнайы жұмысшы топ Қазығұрт ауданы аумағында рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде заңсыз қазба жүргізіп жүрген 3 азамат ұсталып, 2 ауыр жүк көлігі мен 1 жүк тиегіш ауыр техникасын Қазығұрт ауданының айып тұрағына қойылды.


Аталған заңбұзушылық бойынша заңды процестік шешім қабылданып, іс құжаттары облыстық Экология департаментіне жолданды.


Аталған бағытта рейдтік іс-шаралар тұрақты жалғасады.

Бөлісу