ТҮРКІСТАН: Қазығұртта жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша шетелдік инвестормен келіссөз жүргізілді

0
105

Жоба жан-жақты зерделенетін болды.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша шетелдік инвестормен келіссөз жүргізілді

Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданында жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша шетелдік инвестормен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров SP ООО «ZHONGTIAN CHEMICAL» компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда Қазығұрт ауданында инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында компания өкілдері өңірде іске асыру жоспарланып отырған жобаның негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ өндіріс орнын орналастыру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімін анықтау және инвестициялық ахуалға қатысты мәселелер қаралды.

Облыс әкімі Түркістан өңірінде инвестиция тарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтіп, өндіріс орындарын ашу мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Кездесу қорытындысында инвесторларға өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, жобаны жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар мен жоспарлар қаралды. Жоба жан-жақты зерделенетін болды.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысына 5 айда 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 150,5%-ды құрады. Облыста 2026-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын, 17820 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Оның ішінде, шетелдік капиталдың қатысуымен 608,9 млрд теңгеге 30 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Нәтижесінде 7 799 жұмыс орны құрылады.

Бөлісу