Кісі өлімі бойынша ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс тіркеуге алынған.
Қазығұртта екі адам жас жігітті атып кеткен. Алған дене жарақатынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысының Қазығұрт аудандық ауруханасында мылтық жарақатынан жас жігіт көз жұмды. Бұл туралы 12 қыркүйек күні таңғы 05.30 шамасында дәрігерлер Қазығұрт аудандық полиция бөліміне хабар берген. Кісі өлімі бойынша ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс тіркеуге алынған.
"Ауыр қылмыс екендігі ескеріліп Түркістан облыстық полиция департаментінің криминалды полиция және Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамына тергеушілер мен криминалистер бар. Барлық мүмкін куәгерлер мен күдікке ілінгендер сұралып, байланыстары тексерілді. Нәтижесінде үш күн ішінде полицейлер күдіктілерді құрықтады", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Жас жігітке оқ атып өлтіріп кеткен екі күдікті Шымкент қаласында қолға түскен. Бірі Шымкент қаласының тұрғыны болса, екіншісі Қазығұрт ауданының тұрғыны болып щыққан. Күдіктілерден аңшылық қаруы тәркіленіп алынған. Қазіргі таңда барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. Тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр.