ТҮРКІСТАН: Қазығұртта жылына 150 мың тонна бал жинайтын шаруа қожалық жұмыс істеп тұр

0
650

Қазығұрттық бал елімізбен қатар, Ресей мен Өзбекстан еліне экспортталады.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта жылына 150 мың тонна бал жинайтын шаруа қожалық жұмыс істеп тұр

Қазығұрт ауданында шаруа қожалық жылына 150 мың тонна бал жинайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрттық кәсіпкер Нұрзада Өсербаева ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Ол 1 млн 380 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант алып кәсібін дөңгелетіп отыр. Балаларға арналған емдік массаж орталығын ашқан кәсіпкер айына 900 мың теңгеден аса табыс табады.


Қайтарымсыз грантпен кәсіп ашқан келесі қазығұрттық тұрғын - Пернекүл Исақова. Ол мүмкіндігі шектеулі бала күтімімен айналысып қана қоймай, тігіншілік өнерін кәсіпке айналдырған. Ұлттық нақыштағы киімдермен бірге, көлік жабындыларын да тігумен айналысатын цехтың өнімдеріне сұраныс та жоғары.


Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы «Пасека-Бал» шаруа қожалығы 2010 жылдан бері бал жинайды. Қожалық жылына 150 мың тонна бал өндіруге қауқарлы. Қазығұрттық бал елімізбен қатар, Ресей мен Өзбекстан еліне экспортталады.