ТҮРКІСТАН: ​Қазығұрттық азаматты әңгімеге тартып әмиянын ұрлап кеткен

0
878

ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалған.


ТҮРКІСТАН: ​Қазығұрттық азаматты әңгімеге тартып әмиянын ұрлап кеткен

Қазығұрттық тұрғын белгісіз әйелмен әңімелесіп сөмкесіндегі әмиянының жоғалғанын байқап, полицияға арызданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне сөмкесіндегі әмиянының жоғалғанын айтқанын айтып жергілікті тұрғын арызданған. Аталған арыз бойынша полицейлер тез арада ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алып, қылмыстық іс қозғайды. Бұл жайт бойынша полицейлер бірден бағыт алып, оқиға болған жерге барады. Нысанның бейнекамераларын тексеріп, ондағы тұлғаларды жәбірленушіге көрсетіп, нақты фотосын шығару арқылы барлық учаскелік полицейлерге жолдап, сезіктіні қолға түсіру бойынша жедел іс-шараларды атқарады. Нәтижесінде ауданның базарларының бірінен сауда жасап жүрген сезікті азаматша ұсталады. Күдікті бөлімшеге жеткізіліп, тексеру барысында оның жәбірленушінің сөмкесінен 30 мың теңге мен куәлікті жымқырғаны белгілі болады. Аталған сезікті сән салонының кіре берісіндегі орналасқан бейнекамераның жазбасына түсіп қалған. Бұл өз кезегінде полицейлердің күдіктіні қолға түсіруіне көмегін тигізді.

«Салонға барған соң сөмкем жанымда тұрған. Бейқам отырғанмын. Жаныма белгісіз әйел келіп отырды, әңгімесін айтты. Біраз отырды да кетіп қалды. Салонның қызметкері өзінің ісін бітіргеннен соң ақшасын берейін десем, әмияным жоқ. Өзім тауып аламын деп біраз уақыт полицияға хабар бермедім. Алайда іздестіруімнен нәтиже шықпады. Сосын полицияға хабарласып, мән жайды айтып бердім. Олар мені бөлімшеге шақырып, оқиға барысымен танысып, өз істеріне тездетіп кірісіп кетті. Полицияға хабарласпай жүрсем, жүре береді екенмін. Жалпы полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын»,- дейді, жәбірленуші.

Полицейлердің сөзіне сенсек, аталған жайт бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдіктінің кінәлі екендігі белгілі болады. Алайда, жәбірленушінің ақшасын толығымен қайтарып, кешірім сұрағаннан соң екі жақ татуласып, ҚР Қылмыстық кодексінің 68 бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс қысқартылған.