ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық кәсіпкер аяқ киім өндіріп жатыр

0
639

Әзірге қол астында жұмысшылары жоқ.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық кәсіпкер аяқ киім өндіріп жатыр

Қазығұрттық кәсіпкер аяқ киім өндіруді қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылы округінде жеке кәсіпкер Мейірқұлов Шыңғыс Фердаусиұлы эко теріден аяқ киім тігетін “Qazygurt shoes” кішігірім фабрика ашқан. Ересек адамдарға әртүрлі мезгілге арналған аяқ киім өнімін шығаратын кәсіпкер Ұлттық жоба аясында берілетін қайтарымсыз грант алып өз кәсібін бастағанын айтады.


Күніне 5-6 аяқ киімге дейін тігетін болса, шыққан өнімді ғаламтордағы дүкендер арқылы сатып жатыр екен. Қазірге қол астында жұмысшылары жоқ. Дегенмен алдағы уақытта әрі қарай кәсібін кеңейтуді көздейді.