ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық кәсіпкер қызанақтың ерекше сортын өсіріп жатыр

0
564

Әр түбі 10 келіге жақын өнім береді.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық кәсіпкер қызанақтың ерекше сортын өсіріп жатыр

Қазығұртта қызанақтың ерекше сорты өсіріліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Сарапхана елді мекеніндегі «Қазығұрт Нұры» ЖШС Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай 30 тонна қызанақ жинап алды. Кәсіпкер еңбегінің жемісін елге тарту етіп, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына базар нарығынан төмен бағада сатуға бел буып отыр.


Атап өтсек, «Қазығұрт Нұры» ЖШС 3 гектар аумақты алып жатыр. Бұл жылыжайдағы қызанақтың сорты ерекше. Қызанақтың әр түбі 10 келіге жақын өнім береді. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылған. Шаруашылық иесі өнімдерін Қазақстанның барлық аймағына сатылымға шығарады. Жеке кәсіпкер шаруасын алдағы уақытта ұлғайтуды көздеп отыр.


Биыл Қазығұрт ауданында 164,38 гекттар жерге жылыжай салынды. Шаруалар одан нәсіп еткен өнімін алып, жаңа бастаманы пайдалы кәсіпке айналдырып үлгерген. Ендігі мақсат – баға тұрақтылығын қалыптастыру. Осындай мәселені шешу үшін ауыл кәсіпкері Серік Орманов жерлестеріне жеңілдік жасауда.