ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық тұрғын қабырға бояуын өндіретін цех ашқан

0
480

Шағын цехта бүгінгі таңда 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттық тұрғын қабырға бояуын өндіретін цех ашқан

Қазығұрттық тұрғын мемлекеттік грантпен қабырға бояуын өндіретін цех ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрттық кәсіпкер Жақып Нұрсұлтан мемлекеттік гранттың шарапатын көріп отыр. «Суан» жеке кәсіпкерлігі «555» брендімен қабырға бояуын өндіреді. Шағын цехта бүгінгі таңда 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа жалақысы 150 мың теңге.


«Шағын кәсібімізді дөңгелетіп, өз несібемізді тауып отырмыз. Мемлекеттік гранттан алған қаржымызға қажетті жабдықтарымызды сатып алдық. Қазір цехтың айлық табысы 2 миллион теңгеге жетті. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отырмыз»,- дейді жеке кәсіпкер.


Өндірілген өнім тек Қазығұрт ауданына ғана емес, Түркістан облысының басқа да аудандары мен Шымкент қаласына да тасымалдануда. Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді өнімге қызығушылар саны күн санап артып келеді.