ТҮРКІСТАН: Қазығұрттықтар Қызылордаға 3 вагон мал азығын жіберді

0
614

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қолдау көрсетуде.


ТҮРКІСТАН: Қазығұрттықтар Қызылордаға 3 вагон мал азығын жіберді

Қазығұрт ауданынан Қызылорда облысына мал азығы жөнелтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл ауа-райының қолайсыздығынан жауын-шашынның аз түсуінен қуаңшылықтың салдарынан зардап шеккен Қызылорда өңіріне қазығұрттық шаруалар мен кәсіпкерлер көмек қолын созуда. 3 вагон жем-шөп Шымкент қаласының теміржол стансасынан жолға шықты. 50 тонна мал азығы құрғақшылықтан зардап шегіп, төтенше жағдай жарияланған көрші Қызылорда облысы Арал ауданына бағытталды. Мал азығы өңірдегі шөп жетпеушілігінен қиындыққа тап болған шаруаларға тегін үлестіріледі.


Айта кетейік, биыл наурыз-сәуір айларында еліміздің оңтүстігі мен батыс облыстарының басым бөлігінде көктемгі жауын-шашын нормадан аз түсіп, ауа температурасы жоғары болғаны белгілі. Соның салдарынан ұзақ жылдан бері болмаған құрғақшылық мал шаруашылығына ауыр тиді.


Құрғақшылық Түркістан облысында да орын алды. Бүгінде өңірдегі жағдай тұрақты. Табиғи шөп бітік шықпағанына қарамастан, егістікті әртараптандыру орман қорындағы босалқы жайылым жерлер шаруалардың уақытша пайдалануына беру шараларының нәтижесінде облыстағы мал басына қажетті 3,9 млн.тн мал азығын 100 % дайындауға толық мүмкіндіктер бар.


Осы уақыт аралығында оңтүстік жұрты бірігіп, батыс облыстары мен көрші Қызылорда облысына 70 вагоннан астам мал азығын жіберді. Бұл іске «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қолдау көрсетуде.