ТҮРКІСТАН: Келесте бірнеше учаскелік полиция пункті салынады

0
652

Учаскелік полицейдің қызметтік үйі де салынбақ.


ТҮРКІСТАН: Келесте бірнеше учаскелік полиция пункті салынады

Келес ауданында қызметтік нысандар салу жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Келес ауданында әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасуда. Мәселен, ауданның 4 ауылдық округіне учаскелік полиция пункті қажет. Олар – Бірлік, Жүзімдік, Бозай және Жамбыл ауылдық округтері.


Осыған орай тұрғыны тығыз орналасқан Жүзімдік елді мекенінде жұмыс басталды. Ол үшін елді мекен аумағынан 0,08 га жер учаскесіне жер кадастрлық жоспары мен шешім шығарылып, құжаттары Түркістан облысының полиция департаментіне жолданды. Аталған ғимаратпен бірге учаскелік полицейдің тұратын қызметтік үйі де салынады деген жоспар бар.