ТҮРКІСТАН: Келесте құны 100 млн. теңгеден асатын 6 жоба жүзеге асырылды

0
518

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамыту бағытына баса мән беріліп келеді.


ТҮРКІСТАН: Келесте құны 100 млн. теңгеден асатын 6 жоба жүзеге асырылды

Келес ауданында құны 102,5 млн. теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданына қарасты Бірлесу ауылдық округінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамыту бағытына баса мән беріліп келеді. Өткен жылы аталған ауылдық округінде құны 60 млн теңгені құрайтын «Али Сұлтан КЗ» атты 150 орындық бөбекжай-балабақшасының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар ауыл аумағына жеке кәсіпкер Марат Оралов тарапынан 2000 түп және «Оразалы» шаруа қожалығы арқылы 2600 түп Павлония көшетін отырғызылды. Сондай-ақ «Үсен» шаруа қожалығы мен «Ұлықбек» шаруа қожалығы және «Бағыс Бейсен» өндірістік коопертиві жалпы құны 38,5 млн теңгені құрайтын тракторлар сатып алды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен жиында Бірлесу ауылдық округінің әкімі Жанболат Серікбаев баяндады.


Оның айтуынша, шарулардың егін егіп табыс табуына жергілікті әкімдік тарапынан тың жобалар ұсынылып, сүйелмелдеу жұмыстары жүреді. Бірлесуде биыл 545 млн теңгені құрайтын 3 жобаны іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ Жамбыл облысы, Қордай ауданында орналасқан «Эко Чикен» ЖШС басшылығы тарапынан келіссөздер жүргізіліп, бройлер шөжелерін және қажетті жем, шөптерін алуға қолайлы келісімге қол жеткен.


Жиын барасында аудан басшысы кәсіпкерлік саласын дамытуда барлық мүмкіндікті қарастыруды, әлеуметтік нысандар мәселесін шешу және ирригация жүйелерін ретке келтіру бағытында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.