ТҮРКІСТАН: Келесте мәдениет үйлерінің саны көбейеді

0
862

Елімізде мәдениет саласының дамуына айрықша көңіл бөлінуде.


ТҮРКІСТАН: Келесте мәдениет үйлерінің саны көбейеді

Келес ауданында мәдениет саласын дамыту бағытында кешенді шаралар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде мәдениет саласының дамуына айрықша көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында мәдениет саласын дамытуға, сала мәселелеріне айрықша көңіл бөлініп, оны шешу жолдары да қарастырылатынын атап өткен болатын.


Бүгінгі таңда Түркістан облысының Келес ауданында мәдениет саласын дамыту бағытында кешенді шаралар атқарылып, жоспарлы жобалар жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағында екі мәдениет нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар, Қошқарата және Жамбыл елді мекендерінде орналасқан. Жалпы құны 593,4 млн. теңгені құрайтын қос нысадын биыл тамыз айында қолданысқа беру көзделуде. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.


Мәдениет саласын дамыту мақсатында алдағы жылы аудан көлемінде 5 мәдениет үйінің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, салалық басқармаларға ұсынылды. Салынатын мәдениет нысандары Ұшқын, Жүзімдік, Алпамыс батыр, Ошақты және Біртілек ауылдық округтерінде орналасатын болады.


Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен аудан басшысы ауылдық округі аумағындағы өзекті мәселелерді жергілікті тұрғындармен талқылап, шешу жолындағы жоспарларымен бөлісті.


Өткен жылы Шынар фельдшерлік акушерлік пункті ағымдағы жөңдеуден өткізіліп пайдалануға берілсе, 1 Мамыр елді мекені аумағынан кіші футбол алаңшасы салынды. Сонымен қатар 9 елді мекенді табиғи газмен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, газ жүйелерінің жоғарғы қысымға шыдамдылығын тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстары атқарылуда. Білім саласаныда атқарылып жатқан жұмыстар да ауқымды.


Соның бірі Бесқұбыр елді мекеніндегі С.Сейфуллин жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысы биыл аяқталып, ел игілігіне табысталады. Кездесу соңында жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдаған аудан басшысы әр тұрғынның мәселесін жіті тыңдап, шешілуі бағытында шараларды қабылдады.