ТҮРКІСТАН: Келесте мектеп құрылысы басталды

0
2 090

Түркістан облысы Келес ауданында типтік мектептің құрылысы жүріп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Келесте мектеп құрылысы басталды

Келес ауданы қайта аудан болып құрылғанына 1 жыл толуы қарсаңында Қошқарата ауылдық округі Жамбыл елді мекенінде 300 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектептің құрылысы басталды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрылыс басына барған аудан әкімі Ақментай Есбаев білім саласына көрсетіліп жатқан қолдауларды және ауданда атқарылып жатқан игі істер жөнінде айта келе, мектеп құрылысының жұмысына сәттілік тіледі. Білім ошағының құрылысы Келес ауданының 2019 жылғы әлеуметтік саладағы типтік жобасы қатарында саналады. Бас мердігер — «ЕвроРемонтСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі , ғимараттың жобасын «АспектСтройИновац» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасаған. Келісім шартқа сәйкес мектептің құрылысы 2021 жылдың тамыз айында толықтай аяқталуға тиіс. Бастауыш, негізгі орта және орта білім беруді қамтамасыз ететін жаңа мектеп үш сатылы білім беру бағдарламасына арналған. Жалпы білім беретін №29 орта мектебінің балалары да осы жаңа мектепте оқитын болады деп ұйғарылып отыр.