Еркебұлан Қайназаров бас жүлде иегері атанды.
Келес ауданында Түркістан облысының және Келес ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес аудандық мәдениет үйінде Түркістан облысының және Келес ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Келес ауданының тумасы, жыр жампозы белгілі айтыскер ақын Жарқынбек Наушабековке арналған «Жыр жүйрігі Жарқынбек» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Қазылар алқасы шешімімен жыр додасында Еркебұлан Қайназаров (Астана) бас жүлде иегері атанды. Ал І орынды Мұхтар Ниязов (Қызылорда), ІІ орынды Айбек Қалиев (Арқалық), ІІІ орынды Нұрлан Есенқұлов (Шымкент) пен Шұғайып Сезімхан (Алматы) иемденді. Сонымен қатар Келес аудан әкімінің арнайы жүлдесі Бекарыс Шойбековке (Түркістан), Әселхан Қалыбекова атындағы арнайы жүлде Анар Жаппарқұловаға (Шымкент), Әбдікерім Манап атындағы арнайы жүлде Алик Бекмұсаевқа (Тараз) бұйырды.