ТҮРКІСТАН: Келесте жалпы өңірлік өнім көлемі 32 пайызға артқан

0
389

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 мыңға жеткен.


ТҮРКІСТАН: Келесте жалпы өңірлік өнім көлемі 32 пайызға артқан

Келес ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 32 пайызға өскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 32 пайызға өсіп, 2023 жылы 118 млн. теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 51 пайызға өсіп, 2023 жылы 12 мыңға жеткен. Олардың өндірген өнім көлемі 69 млрд.теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 20 млрд.теңгеге (49 млрд.тг.) немесе 40 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 4 млрд.теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалған.


Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының Келес ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.


Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың атқарған жұмыстары туралы баяндамасынан кейін кезек сұрақ-жауапқа беріліп, тұрғындардың өтініштері, сұрақтары тыңдалды.


Кездесуде белсенділік танытқан келестіктер жайылым жер, ауыз су, газбен қамту, жол және өзге де инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді. Ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті бақылауға алынды.