ТҮРКІСТАН: Келестегі камералардың арқасында қылмыс азайған

0
803

Енді «Сергек» камералары орнатылмақ.


ТҮРКІСТАН: Келестегі камералардың арқасында қылмыс азайған

Келес ауданына бейнебақылау камералары орнатылуының нәтижесінде қылмыс саны азайған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында профилактикалық шараларды өткізу нәтижесінде 2021 жылдың 10 айында тіркелген құқықбұзушылық саны 241-ді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,6 пайызға азайған. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар – 32,2 пайызға, ал көшеде жасалаған қылмыстар – 40,5 пайызға және топтасып жасалған қылмыстар 76,2 пайызға төмендеген.


Атап өтсек, қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында облыстық полиция департаменті тарапынан аудандық полиция бөліміне 45 планшет және 28 бейне жетон құрылғылары берілген. Сонымен қатар, аудан бюджетінен 26 дана бейнебақылау камералары мен бағдаршамдар орнатылған.


Алдағы уақытта жол–көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында облыстық полиция департаментімен бірлесіп, аудан аумағындағы Республикалық маңызы бар жолдардың бойына 8 дана «Сергек» камераларын және стратегиялық нысандар мен елді мекен орталықтарына 30 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр.