Өз ауласынан басталған наубайхана бүгінде ауыл экономикасына серпін беріп отырған табысты кәсіптердің біріне айналған.
Келестік наубайханашы күніне мың дана нан пісіреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Келес ауданына қарасты Ұшқын елді мекенінің тұрғыны Назира Мұхитқызы шағын кәсіптің аясын кеңейтіп, ауыл тұрғындарын күн сайын сапалы әрі жаңа піскен нан өнімдерімен қамтып келеді. Өз ауласынан басталған наубайхана бүгінде ауыл экономикасына серпін беріп отырған табысты кәсіптердің біріне айналған.
Қазіргі таңда наубайханада 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың қатарында жергілікті тұрғындармен бірге көрші Өзбекстаннан келген азаматтар да бар. Бұл – кәсіпкердің тек табыс табумен шектелмей, ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға да үлес қосып отырғанын көрсетеді. Кәсіпорында күніне 1000 данаға дейін нан пісіріліп, ауыл дүкендері мен тұрғындарға жеткізіледі. Сонымен қатар, сұранысқа қарай 400-ден 1000 данаға дейін самса әзірленеді. Дәмі тіл үйірер өнімдерге деген сұраныс күн санап артып келеді.


