ТҮРКІСТАН: Келестік шаруалар асқабақтың ерекше түрін саудаға шығарды

0
509

Шаруалар өнімнің жаңа түрлерін алуды жолға қоюда.


ТҮРКІСТАН: Келестік шаруалар асқабақтың ерекше түрін саудаға шығарды

Келес ауданының шаруалары өнімнің жаңа түрлерін алуды жолға қоюда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданының шаруалары егін егу саласында жаңа технологияларды енгізумен қатар өнімнің жаңа түрлерін алуды жолға қоюда. Солардың бірі – Зупарәлі Пардақұлов. Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бозсу ауылының тұрғыны өзі төрағалық ететін «Қуаныш» шаруа қожалағы аумағындағы 8 гектар суармалы егістік алғабының 0,5 гектарына асхана асқабағы (кабачки) өнімін егіп, еліміздегі ірі қалалардағы сауда орындарына сатуда.


«Қаңтар айында өнімімізді егіп, бүгінде базарға шығарудамыз. Өнімге сұраныс жоғары. Бұрындары ауылымызда бұл өнімнің түрін екпеуші едік. Жеріміздің құнарлы болуының арқасында жаңа дақыл жерсініп, мол түсім беруде», – дейді шаруа қожалығының төрағасы.


Шаруа жыл сайын өзіне қарасты жерге қырыққабат, шалғам, картоп сынды көкөністерді егеді.


Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы Бозсу елді мекеніндегінің диқандары ерте еккен егістіктің жемісін көріп жатыр. Айта кетейік, жалпы Ақтөбе ауылдық округі бойынша суармалы жер көлемі 4 689 гектарды құраса, оның ішінде 1 725 гектарға көкөніс егілген.