ТҮРКІСТАН: Келестік шаруаларға 6 мың гектардан аса жер берілді

0
569

Жеке және заңды тұлғаларға берілді.


ТҮРКІСТАН: Келестік шаруаларға 6 мың гектардан аса жер берілді

Келес ауданында жерлерді түгендеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында жерді пайдалану заңдылықтарының сақталуы және бос жерлерді түгендеу жұмыстары жанданды. Аталған жұмыстар Жүзімдік, Ошақты, Ақтөбе, Бірлік және Біртілек ауылдық округі аумағында жүргізілген. Бүгінде түгендеу жұмыстары Қошқарата ауылдық округі аумағында жалғасып жатыр.


Түгендеу барысында аталған ауылдық округтерінде біршама бос жер телімдері анықталған. Оның ішінде бірнеше шаруа қаулы немесе шешім арқылы мемлекеттік актілерін алмай, жерді пайдаланып отырғаны мәлім болды. Түгендеу нәтижесі бойынша бос жер телімдерін тиімді пайлалану жөніне аудан әкімдігіне ұсыныс енгізілетін болады.


Жалпы Келесте жерді мақсатты пайдалану мәселесі бақылауда тұр. Келес ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде шаруа немесе фермерлерге жағдай жасалды. Атап айтсақ, оларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы 151 жер учаскесін қайта айналымға қосу үшін өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде үш конкурс өткізілді. Өткізілген конкурстар нәтижесінде 6 мың гектардан аса жер телімі жеке және заңды тұлғаларға берілді. Онда кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, өңір экономикасына үлес қосады.